1992 жылы туған ер адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
- Бүгін сағат 11:45-те Жаңаөзен қаласында Рахат 3 шағынауданы, 24-көше, № 119 үйдің жанында жоғары вольтты электр бағанасында адам тұрғаны туралы диспетчерлік жедел жәрдемнен ақпарат келіп түсті. Белгісіз себептермен жоғары вольтты (380 В) электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында "ӨЗЕНЭНЕРГОСЕРВИС" ШЖҚ МКК қызметкерінің тоққа түскені анықталды. №3 МӨСШ оқиға орнына 2 бірлік техника, жеке құрамның 8 адамы, Жаңаөзен қаласы ТЖБ анықтаушысы шықты, - делінген хабарламада.